Рет қаралды 48
Адам саяхатқа шыққанда, өмірдің жаңа деңгейіне өткендей болады. Біз дұрыс деп санаған нәрселер біреуге бұрыс екенін, сұлулықты әркім өзінше түсінетінін, ал ақиқат тек бір жақты емес екенін ұғады. Сол жаңа түсініктермен танысқанда адам еріксіз мән іздей бастайды. Көшелердің, әдеттердің, сөздердің артында не жатыр? Жауапты іздеп ол музейге келеді. Себебі саяхат көруге мүмкіндік берсе, музей сол көргеніңізді түсінуге жол ашады. Біз де қонақжай Қостанайға келіп, өңірдің ең маңызды тарихи орындарының бірі еліміздің білім жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосқан, ұлы ағартушы, ойшыл, педагог Ыбырай Алтынсаринның құрметіне ашылған музейді айналып өте алмадық. Алайда осы жолы бізге ерекше мүмкіндік бұйырды.
--------------------------------------
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24